07/10/2024
Қайырлы кеш, достар!
Бүгін +1 Илон Маск және AuylReach жобалары бірлесе отырып, Қызылжар ауылына жол жүрді. Бұл ауылға баруымыздың негізгі себебі - ауыл балаларының сапалы білім алуына қолғабыс ету. Осы мақсатта, жобаның 4 қатысушысына компьютер мен қосалқы құралдар берілді. Әр компьютерге қазақ тілі, ағылшын тілі, IT және тағы да басқа тақырыптарда пайдалы бағдарламалар, сілтемелер орнатылған. Осы қатысушылардың арасынан Илон Маск секілді айтулы тұлға шығатынына сенеміз! Ізгі істер көбейе берсін